
Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Жаңартылған Конституцияның құқық қорғау әлеуеті" тақырыбындағы сараптамалық дөңгелек үстелге қатысты.
Өз сөзінде Б. Нұрмұханов іс-шараға қатысушыларды Конституциялық Соттың құрылуымен конституциялық бақылау институтын жаңғырту туралы хабардар етті.
Сараптамалық кездесуге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, заң қоғамдастығының, сондай-ақ құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты.