Адами өлшем бойынша диалог алаңының отырысы өтті

Адами өлшем бойынша диалог алаңының отырысы өтті

Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты Н. Кресс 2022 жылғы 24 маусымда онлайн режимде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның "Адами өлшем бойынша диалог алаңы" отырысына қатысты.

Отырыста БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенциясының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық барысы туралы, балаларды азаптаудан абсолютті бостандықтың бөлігі ретінде  буллингтен қорғау, сондай-ақ басқа да мәселелер қаралды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың, жастардың ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.