Судья және сот қызметкерлері күні

Судья және сот қызметкерлері күні

Конституциялық Кеңестің төрағасы Қ. Мәми судьялар мен сот қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысты.

Сот жүйесін дамытуға және жаңғыртуға қосқан зор үлесі үшін Қ. Мәми Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың алғысымен атап өтілді. 

Іс-шараға Жоғарғы Сот судьялары мен Аппаратының  қызметкерлері, сот жүйесінің ардагерлері, сондай-ақ көрнекті ғалым-құқықтанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.