
Конституциялық Кеңестің мүшесі И. Меркель Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Комиссия жаңартылған Конституцияның құқық қорғау әлеуеті мәселелерін, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтардың бірлесу бостандығына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және азаматтық қоғам институттарын дамыту жөніндегі қызметін қарады.
Әділет министрлігінің, Бас прокуратураның, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баяндама жасады.