Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс

Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс

Конституциялық Кеңесте мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Конституциялық Кеңестің төрағасы Кеңес құрамын және Аппаратының  қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Қ. Мәми мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтті.  

Мемлекеттік қызметші күніне орай Конституциялық Кеңес Аппаратының бас консультанты М. С. Сүлейменова Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісімен марапатталды.