Республика Президенті жұмыс тобының мүшелеріне алғысын білдірді

Республика Президенті жұмыс тобының мүшелеріне алғысын білдірді

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелеріне алғыс білдірді.  

Ақорда резиденциясында марапаттарды Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Е. Жиенбаев табыс етті. 

Мемлекет басшысы конституциялық реформа адам құқықтарын қорғау жүйесін күшейтіп, құқықтық жүйені одан әрі жаңғыртуға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Марапатталғандардың қатарында аталған жұмыс тобының мүшесі, Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов бар.