Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми республикалық референдумға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан келген бақылаушылар тобымен кездесу өткізді.
Кездесуге Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан заң шығарушы органдарының депутаттары, сондай-ақ Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің құрамы қатысты.
Қ.Мәми қонақтарды Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ республикалық референдум өткізу процесіндегі Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Өз кезегінде топ жетекшісі – Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Аграрлық саясат жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары С. Гаджиев Миссия жұмысының басым міндеттері мен қағидаттары туралы айтып берді.
Тараптар референдумның маңызды демократиялық процесс екенін, оны өткізген кезде конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің қажет екенін атап өтті.