
Жиналыс өткізіліп, оның барысында Конституциялық Кеңес Аппаратының қызметкерлері республикалық референдумға ұсынылған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар жобасын жан-жақты талқылады.
Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты Кресс Н.В. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша таныстырылым жасады.