Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Референдумды бағалау жөніндегі миссиясы басшысының орынбасары Доминик Хоуэлл мырзамен және миссияның заң талдаушысы С. Четайкина ханыммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Б. Нұрмұханов меймандарды конституциялық бақылау институтының Конституциялық Сот мекемесі болып жаңғыртылғаны туралы, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің референдум өткізу мәселелеріндегі өкілеттіктері туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Доминик Хоуэлл мырза жылы қабылдау үшін алғысын айтып, пайдалы ақпаратқа ризашылығын білдірді.