Қауымдастық Президиумының отырысы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер күні өтті

Қауымдастық Президиумының отырысы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер күні өтті

2022 жылғы 28 мамырда Конституциялық Кеңестің Төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері қауымдастығының президенті Қ. Мәми осы Қауымдастық президиумі отырысының жұмысына қатысты. 

Отырыста Қауымдастық жұмысының негізгі бағыттары, ҚазҰУ-дың 90 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шаралар жоспары талқыланды.  

ҚазҰУ түлегі күніне орай Қ. Мәми құттықтау сөзін сөйледі. Спикер түлектерге арнаған сөзінде елімізді жаңғырту аясында сапалы білім алудың ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Елімізге іргелі білімі, инновациялық ойлау қабілеті және оларды іс жүзінде іске асыру дағдылары бар мамандар қажет.  

Соңында Конституциялық Кеңестің Төрағасы түлектерге табыс және көздеген барлық жоспарларының орындалуын тіледі.