Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

2022 жылғы 27 мамырда Конституциялық Кеңес аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты М.Спан "Қылмысқа қарсы іс – қимылда қылмыскердің жеке басының ерекшеліктерін есепке алу: теория мен практика проблемалары" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстелге қатысты. Форумды ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.

Іс-шараға сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.