Соттардың салық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері талқыланды

Соттардың салық заңнамасын қолдануының  кейбір мәселелері талқыланды

2022 жылғы 19 мамырда Конституциялық Кеңес аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты М.Спан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысына қатысты.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы Н. Шәріповтің төрағалығымен «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасы қаралды.

Отырысқа Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.