
Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері-Конституциялық Кеңес Аппаратының Басшысы Б. Нұрмұханов пен Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры З. Баймолдина Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйледі.
Сараптамалық кездесуге қатысушылар республикалық референдумға шығарылған негізгі конституциялық новеллаларды түсіндірді.