Конституциялық Кеңестің төрағасы Қ. Мәми АХҚО Сотының және халықаралық төрелік орталығының (ХТО) тіркеушісі және Аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холтпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қ. Мәми мейманды елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы хабардар етіп, азаматтардың, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және Бас Прокурордың өтініш беру құқығымен Конституциялық Соттың құрылатынын ерекше атап өтті.
Тараптар инвестициялар тарту, іскерлік белсенділікті арттыру және еліміздің экономикалық өсуі саласындағы АХҚО Соты және ХТО қызметінің негізгі бағыттарын талқылады.
К. Кэмпбелл-Холт жылы қабылдағаны үшін алғысын айтып, АХҚО Соты және ХТО-ның Конституциялық Кеңеспен ынтымақтастығы алдағы уақытта да сындарлы түрде дами беретініне сенім білдірді.