ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРДАГЕРДІ  ҚҰТТЫҚТАДЫ

Конституциялық Кеңес ұжымы мемлекеттік мереке-Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Өтен Мұқанұлы  Мұстафинді құттықтады.

Өтен Мұқанұлы II-ші Белорус майданы 300-ші атқыштар полкінің құрамында ұрыс қимылдарына қатысқан. Жеңісті Балтық теңізінің жағалауында қарсы алды. II дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «За Победу над Германией» («Германияны жеңгені үшін») медалімен және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған.

Конституциялық Кеңестің қызметкерлері ардагерге мәңгілік ерлігі мен бейбітшілік, амандық пен тыныштық жолындағы мызғымас қайсарлығы үшін алғыстарын білдіріп, оған мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі!

Конституциялық Кеңес ұжымы батырлардың ұмытылмас патриотизміне және ерлігіне тағы да тағзым етеді.