Ғылыми-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтеді

Ғылыми-консультативтік кеңестің  кезекті отырысы өтеді

2022 жылғы 20 мамырда сағат 15-00-де Конституциялық Кеңес жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер бар:

  1. «ҚР Негізгі Заңы мен халықаралық құқықтың өзара әрекеттесуінің конституциялық негіздері (Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына және Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясына кіруінің 10 жылдығына орай)».
  2. Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы Жолдауының жобасы.
  3. 2020-21 жылдардағы конституциялық құқық ғылымының өзекті мәселелері туралы баяндама (заң басылымдарындағы жарияланымдарды талдау нәтижелері бойынша).