
2022 жылғы 21 сәуірде Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысына қатысты.
«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы» және «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары қаралды.
Отырысқа Жоғарғы Соттың судьялары және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.