«Құқық үстемдігін бекітудің конституциялық және халықаралық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық конференция

«Құқық үстемдігін бекітудің конституциялық және халықаралық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық конференция

2022 жылдың 22 сәуірінде Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл және Қазақстанның Еуропа Кеңесі Венеция Комиссиясына қосылғанына 10 жыл толуына орай, «Құқық үстемдігін бекітудің конституциялық және халықаралық аспектілері» атты халықаралық конференция өтеді.

Форумның ұйымдастырушылары болып Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Сорбонна-Қазақстан институты, Қазақстандағы БҰҰ Кеңсесі және Венеция комиссиясы болып табылады.

Форум гибридті режимде өтеді. Оның жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, беделді халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ белгілі заңгер ғалымдар қатысады деп күтілуде. 

Конференцияға қатысушылар Қазақстанның БҰҰ және Венеция комиссиясымен жемісті ынтымақтастығының нәтижелері мен жетістіктерін, сондай-ақ құқық үстемдігін орнату мәселелерінде одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылайды.

Халықаралық форум келесі сілтемелер бойынша You-tube арнасы арқылы көрсетіледі:

қазақ тілінде https://www.youtube.com/watch?v=73PfpCffBMc

орыс тілінде https://www.youtube.com/watch?v=mwCY9jehRhQ

ағылшын тілінде https://www.youtube.com/watch?v=W35WptCHr4I.

Басталуы сағат 14.00.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласуға болады: +77019105808, +77716062435, +77014980432.