
2022 жылғы 31 наурызда Конституциялық Кеңестің мүшесі И. Д. Меркель Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Комиссия құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтарын сақтау туралы және Комиссияның "Қазақстанда адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері" тақырыбындағы оқыту семинар-тренингтері туралы мәселелерді қарады.
Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің өкілдері және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы баяндама жасады.