
2022 жылғы 31 наурызда онлайн режимде Конституциялық Кеңес Аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты С. Аяшева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысына қатысты.
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы Н. Шәріповтің төрағалығымен «Соттардың атқарушылық жазбаны даулау туралы істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының пысықталған жобасы қаралды.
Отырысқа Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.