
2022 жылғы 29 наурызда Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. Темірбеков онлайн режимінде Халықаралық заңгерлер одағы Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыста Халықаралық заңгерлер одағы Үйлестіру кеңесінің соңғы жылғы қызметі, Тюмень облысында Халықаралық заңгерлер одағының Өкілдігін құру туралы ақпарат, сондай-ақ ұйымның 2022 жылға арналған негізгі іс-шараларының жоспары қаралды.