"Заң диалогтары" жобасы аясында вебинар өтті

"Заң диалогтары" жобасы аясында вебинар өтті

2022 жылғы 25 наурызда Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты С. М. Аяшева "Құқық қорғау қызметінде адам құқықтарын сақтаудың еуропалық стандарттары" тақырыбындағы "Заң диалогтары" вебинарына қатысты. 

Вебинар спикерлері-Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың, Еуропа Кеңесінің сарапшылары бейбіт наразылықтарға құқықтарды қорғау, құқық қорғау қызметіндегі азаптаулардың алдын алу, еуропалық құқықтық кеңістіктегі терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылады.