
Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б.М. Нұрмұханов Конституциялық Сот төрелігі жөніндегі Дүниежүзілік Конференция Бюросының 17-ші отырысына онлайн форматта қатысты.
Отырысқа қатысушылар ағымдағы жылдың күз мезгілінде Индонезияда өтетін Дүниежүзілік Конференцияның 5-ші Конгресіне дайындық мәселелерін талқылады.