Венеция комиссиясының 130-шы пленарлық сессиясы өтті

Венеция комиссиясының 130-шы пленарлық сессиясы өтті

2022 жылғы 18-19 наурызда құрамына Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының мүшесі, Республика Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы И. Рогов және Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары - Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак бар қазақстандық делегация онлайн-режимде Еуропа Кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясының (Венеция комиссиясы) 130-шы жалпы сессиясының жұмысына қатысты.

Жалпы сессияда Венеция комиссиясы Косово судьялары мен прокурорларын тексеру тұжырымдамалық құжатының, Косово Конституциясына түзетулер жобасы, Чилидің жаңа Конституциясы, Ливанның сот билігін ұйымдастыру туралы заңнамалық актіге түзетулер енгізу туралы заң жобасы, Румыния сот жүйесі аясында қылмыстық істерді тергеу бөлімін тарату туралы заң жобасы және басқа да құқықтық актілер туралы бірқатар қорытындыларды талқылап, қабылдады.