Конституциялық Кеңестің төрағасы Қ. Мәми Кеңес ұжымын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.
Қ. Мәми құттықтау сөзінде Наурыз әлемнің көптеген елдерінде мерекеленетінін атап өтті. Ол халықаралық өркениеттің игілігі ретінде танылған. 2009 жылы ЮНЕСКО Наурызды әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізді. Бұл мерекенің маңызы зор, өйткені ол барлығын бейбітшілікке, бірлікке және басқа да игі істерге шақырады.
Соңында Конституциялық Кеңес Төрағасы барлығына мықты денсаулық, табыс және отбасына амандық тіледі.