2022 жылғы 17 наурызда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики мырзаны қабылдады.
Кездесу барысында Қ. Мәми мейманды Қазақстанның конституциялық бақылау органының қызметімен, сондай-ақ Республика Президентінің еліміздегі конституциялық заңдылық режимін одан әрі нығайту саласында қойған міндеттерімен таныстырды.
Өз кезегінде әл-Арики мырза жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, БАӘ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың келешегіне сенім білдірді.