
2022 жылғы 16 наурызда Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі М.Қ.Бадалиев Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын және оның Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Жолдауларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасына арналған жиналысқа қатысты. Кездесуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі онлайн режимінде ұйымдастырды.
Жиналысқа Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.