
2022 жылғы 14 наурызда Конституциялық Кеңес Аппаратының қызметкерлеріне Zoom платформасы арқылы Smart Data Ukimet базасындағы "Е-өтініш" талдамалық модулі таныстырылды.
Іс-шараны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Президент Әкімшілігінің Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тиісті мониторингін жүзеге асыру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде ұйымдастырды.