Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс

Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс

Конституциялық Кеңесте 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. 

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми өзінің құттықтау сөзінде әйел бейнесі ең алдымен бәрімізге өмір сыйлайтын анамен байланысты екенін атап өтті. Қазақстанда әйелдердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін толыққанды іске асыруы үшін жағдайлар жасалуда. Олар үй ошағының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте жемісті жұмыс істейді, бизнеспен, қоғамдық қызметпен айналысады. Сол арқылы мемлекет пен қоғамды жаңғыртуға зор үлес қосады.   

Қорытындылай келе, Қ. Мәми әйелдер қауымы өкілдеріне мықты денсаулық, бақыт және қызметіне табыс тіледі.