Жоғарғы Сот нормативтік қаулысына түзетулер талқыланды

Жоғарғы Сот нормативтік қаулысына түзетулер талқыланды

2022 жылғы 4 наурызда онлайн режимде Конституциялық Кеңес Аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты С. Аханова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысына қатысты.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы Н. Шәріповтің төрағалығымен «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының пысықталған жобасы қаралды.

Отырысқа Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.