Азия қауымдастығы елдеріндегі конституциялық құқықтар туралы кітап шығарылды

Азия қауымдастығы елдеріндегі конституциялық құқықтар туралы кітап шығарылды

Азиялық Конституциялық соттар және оған теңестірілген институттар қауымдастығының (AКСҚ) зерттеулер және даму жөніндегі хатшылығы (Корея) "Constitutional rights and AACC members" зерттеу кітабын шығарды.  (Конституциялық құқықтар және АКСҚ мүшелері).

Кітапта AКСҚ-қа мүше елдердегі Конституциялармен кепілдендірілген негізгі құқықтарға шолу жасалады, Конституциялық мәтіндерден құқықтар туралы ережелер, тиісті тарихи алғышарттар, конституциялық бақылау органдарының шешімдері және Азия өңірінде адам құқықтарын қорғау саласында оқырмандардың кең түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат келтірілген.  Кітаптың электронды нұсқасын келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/77189?lang=ru.