
Конституциялық Кеңестің қызметкерлері латын графикасында диктант жазуға қатысты.
Іс-шараның мақсаты латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиін насихаттау, күнделікті жұмыста қолдану үшін жаңа әліпбиді пайдалану арқылы жазудың практикалық дағдыларын меңгеру болып табылады.
Диктант әдістемесі аудиомәтінді тыңдап, оны қағаз тасымалдағышта жазуды құрайды.
Диктант аяқталғаннан кейін оны жазған қызметкерлер өздерінің жұмыстарын qazlatyn.kz интернет-ресурсындағы конвертерді пайдалана отырып дайындалған мәтінмен салыстыру арқылы тексерді.
Конституциялық Кеңес осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге ниетті.
