Венеция комиссиясының 120-шы пленарлық отырысы

Венеция комиссиясының 120-шы пленарлық отырысы

Ағымдағы жылғы 11-12 қазанда Конституциялық Кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары Унзила Шапак Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясының (Венеция комиссиясы) 120-шы пленарлық сессиясына қатысты.

Қазақстан 1998 жылдан бастап Венеция комиссиясының жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды, ал 2012 жылдан бастап оның толыққанды мүшесі болып табылады.

Сессияда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Венеция комиссиясы өткен жылы қорытынды берген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы туралы ақпарат ұсынды.