Жоғарғы Сот нормативтік қаулысына түзетулер талқыланды

Жоғарғы Сот нормативтік қаулысына түзетулер талқыланды

2022 жылғы 25 ақпанда онлайн режимде Конституциялық Кеңес Аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты С. Аханова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысына қатысты.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы Н. Шәріповтің төрағалығымен «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының жобасы қаралды.

Отырысқа Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.