
2022 жылғы 16 ақпанда онлайн режимде Конституциялық Кеңес Аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты А.Мұқышева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысына қатысты.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының Төрағасы Ә.Жүкеновтің төрағалығымен «Қылмыстық істерді кассациялық тәртіпте қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы» және «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары қаралды.
Отырысқа Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.