Жыл сайынғы Жолдау жобасы бойынша жұмыс басталды

Жыл сайынғы Жолдау жобасы бойынша жұмыс басталды

Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" жыл сайынғы Жолдаудың жобасын дайындау бойынша жұмыс тобын құрды.

Кеңестің Жолдауларында конституциялық іс жүргізу практикасы қорытылады, мемлекеттік органдардың Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларында көрсетілген құқықтық ұстанымдарды орындауы, қолданыстағы заңнамада конституциялық нормалардың іске асырылуының жай-күйі және оларды қолдану практикасы талданады, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін нығайту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Аталған мәселелер бойынша өздеріңіздің ұсыныстарыңызды және ұсынымдарыңызды ағымдағы жылдың 28 наурызына дейін келесі электронды мекенжайға жолдауларыңызға болады: okr@ksrk.gov.kz