"Заң диалогтары" жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

"Заң диалогтары" жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

2022 жылғы 14 ақпанда Конституциялық Кеңес Аппаратының қызметкерлері "Заң диалогтары" жобасы шеңберінде "Жаңа шынайылықтағы заң құзыреті: құқықтық білімді трансформациялау мәселелері" атты тақырыптағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Вебинардың модераторы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы И. Рогов болды.

Іс-шараны Адам құқықтары жөніндегі комиссия, "Астана" халықаралық қаржы орталығымен және Сорбонна-Қазақстан институтымен бірлесіп ұйымдастырды.