
2022 жылғы 10 ақпанда Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысына қатысты.
«Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының жобасы қаралды.
Отырысқа Жоғарғы Соттың судьялары және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.