Индонезия Конституциялық сотының есебі таныстырылды

Индонезия Конституциялық сотының есебі таныстырылды

2022 жылғы 10 ақпанда Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. М. Нұрмұханов бейнеконференция режимінде Индонезия Республикасы Конституциялық Сотының қызметі туралы жыл сайынғы есеп беру жөніндегі пленарлық сессияға қатысты. Есеп аясында Индонезияның Конституциялық Сотында орналасқан Азиялық Конституциялық соттар қауымдастығының Үйлестіру және жоспарлау жөніндегі Хатшылығының қызметі де баяндалды.  

Іс-шараға Индонезия Президенті, конституциялық соттардың өкілдері, Азиялық Конституциялық соттар қауымдастығының мүшелері, бірқатар халықаралық жоғары оқу орындары, сондай-ақ Индонезия Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.