
Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ.Мәми Түркия Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Зухту Арслан мырзамен телефон арқылы сөйлесті.
З. Арслан мырза Қазақстанда жақында орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтып, қолдау білдірді.
Қ.Мәми түркиялық әріптесін хабардар еткендей, Қазақстанда бұрын соңды болмаған деструктивті топтардың шабуылы орын алды. Оған тойтарыс беру үшін Мемлекет басшысы Конституцияда көзделген тәртіппен қажетті шараларды қабылдады. Соның арқасында мемлекетте конституциялық тәртіп қалпына келтірілді.
Біздің арамызда Ынтымақтастық туралы Меморандум жасалған. Азиялық конституциялық соттар қауымдастығы аясында да өзара әрекеттесу жолдары қарастырылған. Сізге алаңдаушылық танытып, арнайы телефон шалғаныңыз үшін алғысымды білдіремін, деді Қ.Мәми.
З.Арслан жағдайды қалпына келтіруде сәттілік тілеп, қазақстандық әріптесін Түркия Республикасы Конституциялық Сотына ресми сапар жасауға шақырды.