
2021 жылғы 14 желтоқсанда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми іс-шараны аша отырып, биылғы жыл мерейлі меже - Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің 30 жылдығымен ерекшеленіп отырғанын айтты. Осы жылдар ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен мемлекет шынайы тәуелсіздікке қол жеткізіп, мемлекеттік шекараны бекітті, тиімді мемлекеттік аппарат қалыптастырып, маңызды реформаларды жүзеге асырды. Олар қалыптасқан қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту үшін бірқатар шараларды ұсынған Республика Президенті Қ.К. Тоқаевтың қызметінде де жалғасын тапты, деді спикер.
Конституциялық Кеңестің ұсынуымен конституциялық құндылықтарды жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі және үлгілі қызметі үшін бірқатар қызметкерлер мен азаматтар мемлекеттік және өзге де наградалармен марапатталды.
II дәрежелі "Барыс" орденімен Конституциялық Кеңестің мүшесі Р.Мұқашев, "Парасат" орденімен заң ғылымдарының докторы, профессор, Конституциялық Кеңес жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі М. Сәрсембаев марапатталды.
Кеңес мүшесі А. Дауылбаев Қазақстан Республикасы Президентінің алғысына ие болды.
Қ. Мәми аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды: "Ерен еңбегі үшін" медальдарын - Н.Тасболатовқа, Е. Артемьеваға және С. Ахановаға, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын - М. Спанға табыс етті.
Кеңес мүшелері А. Дауылбаев, В.Малиновский, И. Меркель, Ә. Темірбеков, У. Шапак, сондай-ақ аппарат қызметкерлері Б. Нұрмұханов, М. Бадалиев, Е. Хан, Р. Уәлиева, А. Есенғалиева, Д. Омаров, Т.Мұшанов және Ю. Верченко "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медальдарын алды.
Конституциялық Кеңестің ведомстволық наградасы - "Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін" медалімен: Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы В. Волков; аталған Комитеттің хатшысы Қ. Сафинов; Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы А. Қожахметов; Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Н.Дулатбеков; Каспий университетінің ректоры Ж. Нүсенов; Конституциялық Кеңес жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері М. Бәшімов және Ш. Тлепина марапатталды.
Қазақстан заңгерлер одағының "Қазақстанның құрметті заңгері" төсбелгісімен Конституциялық Кеңестің мүшелері В. Малиновский мен У. Шапак, сондай-ақ Аппарат басшысы Б. Нұрмұханов марапатталды.
Қаржы министрлігінің "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісі Аппарат қызметкері А. Есенғалиеваға табыс етілді.
Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі Б. Райысова мемлекеттік қызметші антын қабылдады.
Соңында Конституциялық Кеңестің Төрағасы барлығын марапаттармен, келе жатқан мерекелермен құттықтап, алдағы уақытта табыс тіледі.