
2021 жылғы 13 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми Атырау облыстық соты ұйымдастырған «Салық Зиманов және қазақ мемлекеттілігі: тарихы мен құқықтық дамуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға құттықтау жолдады.
Өзінің құттықтау сөзінде Қ. Мәми, халықтың мақтанышына айналған азаматтардың есімін жадымыздан шығармау – баршамыздың парызымыз. Тәуелсіздіктің туын тігіп, азат елдің Ата Заңын әзірлеуге белсене үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Салық Зиманұлы Зиманов өз дәуірінің дарабозы, талай буынға ұстаз болған көрнекті заңгерлердің бірі, танымал мемлекет зерттеушісі, ұлт мақтанышы, әлемдік және отандық заң ғылымының абыройы! Тәуелсіз қазақ елінің ұлттық-мемлекеттік құрылыс теориясы мәселелерін зерттеуде жаңа ғылыми бағытты қалыптастырушы ғалым Салық Зиманұлының өнегелі өмірі мен мол мұрасы – мәңгілік ел жадында жасай бермек! Аты берілген мектептен Салық Зиманұлындай абыз тұлғалардың ұшуына тілектеспін - деп түйіндеді Қ. Мәми.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Ж. Асанов, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Атқарушы директорының орынбасары И.Рогов құттықтау сөздерін сөйледі.
Шара барысында С.Зимановтың ескерткіші ашылды.
Конференцияға Парламент депутаттары, Қазақстанның сот, прокуратура, мемлекеттік органдар, оқу орындары, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.