
2021 жылғы 10-11 желтоқсанда құрамына Қазақстан Республикасынан Венеция комиссиясының мүшесі, Республика Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы И.Рогов және Венеция комиссиясы мүшесінің орынбасары - Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак кірген қазақстандық делегация онлайн-режимде Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясының (Венеция комиссиясы) 129-шы жалпы сессиясының жұмысына қатысты.
Жалпы сессияда Венеция комиссиясының Президентін сайланды, ол Клэр Бази-Малори болды.
Сондай-ақ, Венеция комиссиясы: Кипрдегі сот жүйесін реформалау туралы үш заң жобасы; Балаларды қорғау туралы кейбір актілерге түзетулер енгізетін Венгрия Заңының Адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттармен үйлесімділігі туралы мәселе; Косово прокуратура Кеңесі туралы заңға түзетулер жобасы; Еуропа Кеңесінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы Конвенциясын (Ыстамбұл конвенциясы) ратификациялау; Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі туралы заң жобасы және басқа да құқықтық актілерге түзетулерді талқылап, бірқатар қорытындылар қабылдады.
Жалпы сессияның қорытындысы бойынша Комиссия жалпы сессиялардың 2022 жылға арналған кестесін бекітті.