ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылғы 10 желтоқсанда онлайн режимінде «Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесі мен мемлекеттік басқаруы: сабақтар, сын- тегеуріндер және келешегі» атты тақырыпта халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтті.

Форумды «Нархоз университеті» КАҚ және «Kazakhstan Bar Association» заң кеңесшілер палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Отырыста Конституциялық Кеңестің мүшесі В. Малиновский «Тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту: конституциялық құқықтық негіздер» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, бизнестің, ұлттық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.