ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

2021 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Прогресс» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Форумды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Сыртқы істер министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы ұйымдастырды.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми «Тәуелсіздіктің межелері мен белестері» атты жалпы отырыста сөз сөйледі. Ол егемендік пен тәуелсіздік кез-келген ел үшін әрдайым маңызды болып қала беретінін атап өтті. Еліміздің жетістіктері Қазақстан мемлекеттілігінің Негізін қалаушы, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған қолданыстағы Конституция ұлттық заңнаманы дамытуға жаңа серпін берді.

Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік басқарудың, құқықтық жүйенің тиімділігін арттыруға, дамыған және инновациялық экономика құруға бағытталған бірқатар бастамаларды көтерді. Мемлекеттік биліктің формуласы: күшті, өкілетті Президент, ықпалды, қабілетті Парламент және оған есеп беретін Үкімет, деп қорытындылады сөзін Қ. Мәми.

Жалпы отырыста сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы Төрағасының Бірінші орынбасары Александр Жуков, БҰҰ-ның экс- Бас хатшысы, Жаһандық жасыл өсу институтының президенті Пан Ги Мун, Түркияның экс-Президенті Абдуллах Гүл, Түркияның экс-Премьер-министрі Бинали Йылдырым, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д. Абаев баяндама жасады.

Конференция жұмысы Қазақстанның ағымдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық реформаларды, соның ішінде халықаралық аренада жүзеге асырудағы тәжірибесі мәселелеріне арналған сессияларда жалғасты.

Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші халықаралық саясаткерлер, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.