
2021 жылғы 8 желтоқсанда Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. Темірбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Халықаралық күніне және заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Рахымжанқызы Үсейінованы еске алуға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға онлайн режимінде қатысты.
Форумды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ғылыми-зерттеу институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы ұйымдастырды.
Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, сондай-ақ азаматтық қоғамдастық, ЖОО және БАҚ өкілдері қатысты.