ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫНА ТҮЗЕТУЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫНА ТҮЗЕТУЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2021 жылғы 3 желтоқсанды онлайн режимде Конституциялық Кеңес аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты М.Спан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің отырысына қатысты.

Отырыста «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы қаралды.

Отырысқа Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар қатысты.