РЕСПУБЛИКА ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

РЕСПУБЛИКА ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылғы 26 қарашада Конституциялық Кеңестің мүшесі Р.Ж. Мұқашев онлайн форматта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік, игілік пен бірліктің 30 жылы: құқықтық аспектілер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі Р.Ж. Мұқашев Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәмидің құттықтау сөзін оқыды. Онда Қайрат Әбдіразақұлы қазіргі заманғы құқық дамуының кейбір аспектілерін атап өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық кезеңінде экономикалық және саяси дамыған қоғамға тән құқықтың жаңа салалары пайда болды. Заң шығарушылықта бүкіл әлемде қалыптасқан принциптерге бейімделуіміз қажет, деді Қ.Мәми.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.