ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКА ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКА ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылғы 26-27 қарашада Түркістан қаласында Тұңғыш Президент күніне орай және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Назарбаев моделі: түркі әлемін интеграциялауға арналған бағыт» атты тақырыпта халықаралық конференция өтті.

Оның ұйымдастырушылары-Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәми форумға қатысушыларға құттықтау сөзінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың түркі тұжырымдамасы ренессансындағы айрықша рөлі мен зор үлесінің халықаралық деңгейде мойындалғанын атап өтті. Оның бастамаларының арқасында "түркі әлемі" ұғымы жаңа түсінікке ие болды және осы жаңа жағдайда ортақ тарихи тамырлармен, мәдени коды мен тілі бойынша ұқсас, аумақтық және рухани жағынан жақын елдер даму жолдарын бірге іздей бастады, деді спикер.

Республика Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы И. Рогов конференцияның модераторы болды.

Конференция барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлемінің интеграциясындағы рөлін атап өтті, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің жай-күйі, Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық даму перспективалары және т. б. мәселелерді талқылады.

Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанның, Ресейдің, Түркияның, Орталық Азияның, Әзірбайжанның саясаттанушылары, Қор жанындағы Ғылыми кеңестің мүшелері, ХҚТУ стипендиаттары, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.