ҚАЗАҚ КСР-НІҢ ПРОКУРОРЫ Ө.С.СЕЙІТОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ

ҚАЗАҚ КСР-НІҢ ПРОКУРОРЫ Ө.С.СЕЙІТОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ

2021 жылғы 25 қарашада Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов Қазақ КСР-нің Прокуроры Өтеген Сейітовты еске алуға арналған халықаралық криминологиялық форумға онлайн режимінде қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырды.

Б. Нұрмұханов жалпы отырыста құттықтау сөз сөйледі.

Форумға мемлекеттік органдардың басшылары, еліміздің және таяу шет елдердің жетекші заң жоғары оқу орындарының ғалымдары, сондай- ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.